Алматыда "Алтын күз-2003" атты туристік фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Алтын күз-2003" атты туристік фестиваль өтеді

Алматыда "Алтын күз-2003" атты туристік фестиваль өтеді

Қыркүйектің 9 мен 21 аралығында Алматы маңындағы Алма тоғайы шатқалында "Алтын күз-2003" атты туристік фестиваль өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы әкімшілігінің туризм департаментінен хабарлады.

  • 28 Тамыз 2003
  • 636
Фото - Caravan.kz

Фестиваль аясында Алматы туристерінің слеті өтеді. Қатысушы құрамалар туристік марафон, тау туризмі, жаяу туризм, велотуризм, аспалы өткелектен өту, туристік эстафета тәрізді байқауларда бақ сынасады. Сондай-ақ, туристік марафон барысында Құмбел шыңына өрмелеу жоспарланған.

Туризм департаменті өкілінің айтуынша, жеңімпаз құрама мен туристер жарысының майталмандары мақтау қағаздарымен және арнаулы сыйлықтармен марапатталады. Жарыста айрықша белсенділік танытқандар, отбасылық құрамалар мен төрешілерге де жеке сыйлықтар тағайындалған.
Фестивальге 100-ден астам адам қатысады. Фестиваль мақсаты — жиҺанкездік пен салауатты өмір салтын насихаттау, табиғатты аялауға тәрбиелеу, туристік ұжымдар арасында тәжірибе алмасу, қатысушылардың техникалық және тактикалық дайындығын сынау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету амалдарын пысықтау, туристік бәсекелердің маңызын насихаттау, таңдаулы құрамаларды сыналту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар