Алматыда арнайы шара барысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген бес көлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда арнайы шара барысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген бес көлік ұсталды

Алматыда арнайы шара барысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген бес көлік ұсталды

Алматыда арнайы шара жүргізілген үш күннің ішінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген бес көлік ұсталды,

  • 7 Қараша 2014
  • 521
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жұмада таралған ақпаратқа қарағанда, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзғандығы үшін жиынтықты түрде алғандағы айыппұлы 2,5 млн теңге болған.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмірсіз жүрген 11 көлік анықталды, 14 көліктің нөмірлері оқылмайтын болған.
Полициядан атап өткендей, практика көрсетіп отырғандай, әдетте мұндай құқық бұзушылықтарға Қырғызстанда ресми тіркелген көліктердің иелері барады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан заңына орай жалған нөмірді пайдалану үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ал нөмірдің жоқтығы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіштің көлемі 1852 теңге.