Алматыда ашытқы зауытының аумағында өрт шықты
![]() |
Бүгін Алматыда Нұрмақов көшесі бойында орналасқан ашытқы зауыты аумағындағы кондитерлік цехты өрт шалды, |
деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Оның айтуынша, өрт күндізгі сағат 15:18-де басталған.
«101» кезекші бөліміне өрт туралы хабар келіп жетісімен, оқиға орнына өрт сөндіруші бөлімше жөнелтілді. Мәлім болғанындай, ашытқы зауыты аумағында орналасқан кондитерлік үй-жайды өртенген. Өрт шалған аумақ шамамен 200 шаршы метрді құрады. Сағат 15:55-те өрт толығымен сөндірілді», - деді С.Баймұхамбетова.
Қазір оқиғаның себептері анықталу үстінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін