Алматыда аспаннан гүл жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аспаннан гүл жауды

Алматыда аспаннан гүл жауды

Ерекше акцияны Халықаралық әйелдер күніне орай iDroneKZ шығармашылық тобы ұйымдастырды. Оған Арбатта серуендеп жүрген адамадар куә болды. Сонымен қатар 8 наурыз мерекесімен әйелдерді осылайша Қазақcтан-Британ техникалық университетінің жанында да құттықтады. iDroneKZ тобының жігіттері әуеден дрон арқылы гүлдерді әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүрген әйелдерге берді.

  • 9 Наурыз 2017
  • 1344
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Осыған дейін, Шымкент өнерлі жастары қаладағы барлық аналарды ерекше құттықтады. 8 наурызда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үш студенті Айбек, Нұрбек және Мағжан есімді жігіттер қолдарына музыкалық аспаптарын алып, көшеге шықты. Олар аялдамада тұрып, бірінші келген автобусқа отыра салысымен жолаушылар үшін аналар туралы әндер орындаған. Жастардың осы әрекеті барлық қала тұрғындары мен Желі қолданушыларын тәнті етті. Жастардың орындаған әуендеріне әйелдер қосылып, алғыстарын білдірді. 


Соңғы жаңалықтар