Алматыда ауаны ластайтын қалдықтардың есеп-санақ мәселесіне арналған кеңес өтеді - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ауаны ластайтын қалдықтардың есеп-санақ мәселесіне арналған кеңес өтеді - Қазгидромет

Алматыда ауаны ластайтын қалдықтардың есеп-санақ мәселесіне арналған кеңес өтеді - Қазгидромет

Қазан айында Алматыда атмосфераны ластайтын қалдықтарды анықтап есептеу, атмосфераны ластау процессін модельдеу және мониторинг жүргізу мәселесіне арналған халықаралық кеңес өткізіледі. Бұл туралы Қазгидромет РМК 29-қыркүйекте таратқан хабарламада айтылған.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 713
Фото - Caravan.kz

Кеңесті БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының арнайы жұмыс тобы Қазгидрометпен бірлесе отырып ТАСИС бағдарламасының қолдауы бойынша ұйымдастырмақшы. Сондай-ақ, бұл кеңеске «Қоршаған ортаның ластануын бағалау және мониторинг жүргізу жөніндегі Еуропалық бағдарламаның » химиялық үйлестіру орталығының (ЕМЕП) мамандары, ауа зерттеуі жөніндегі Норвегия институтының , ЕМЕП-Шығыс деп аталатын Метеорологиялық синтез орталығының өкілдері, Молдова, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения елдерінің гидрометеорологиялық қызметтері өкілдері, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, Ғарыштық зерттеулер институты, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, табиғат тұтынушыларының Қазақстандық қауымдастығының өкілдері қатысады.

Кеңес БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы мен қоршаған орта жөніндегі Еуропалық Агенттіктің бірлескен жобасы аясында өткізілуде. Кеңестің мақсаты — Қазақстандағы, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймағындағы ауаның ластану жағдайына мониторинг жүргізу ахуалын жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу және осы тұрғыдағы сұраныс деңгейін анықтау, сондай-ақ, Трансшекаралық аймақтағы ауқымды қашықтықта ауаны ластау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жүктеп алған міндеттемелерге қатысты есеп беру және мәлімет жинау жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындау болып табылады. Кеңеске қатысушылар ЕМЕП-тің қолдауымен отандық мамандар әзірлеген Қазақстандағы ауаны ластаушы қалдықтарды анықтау жөніндегі баяндаманы тыңдайды.

Соңғы жаңалықтар