Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы басталды

Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы басталды

Бүгін, 7-шілдеде Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Жұмыс топтары Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шаралары Каталогы , ұйым процедураларының тәртібі мен Хатшылық ережесінің жобасын жасауы тиіс.

  • 7 Шiлде 2003
  • 485
Фото - Caravan.kz

Отырысты ашып сөз сөйлеген ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов : «Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдер ашықтықты қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастырып, өзара сенімді нығайту арқылы ортақ тауқыметтерді шешу негіздерін қалай алады. Егер біз осы бағытта қандай да бір нақты нәтижеге қол жеткізе алсақ, бұл- Азиядағы мемлекетаралық қарым-қатынастар тұрақтылығын, сондай-ақ, Кеңеске мүше елдердің қауіпсіздігін сақтауда маңызды фактор болмақ»,- деді.

Қ.Әбусеитовтың пікірінше, бүгінде сенім шараларының Каталогы , ұйым процедураларының тәртібі мен Хатшылық ережесінің жобасын жасаудың маңызы артты. «Бұл жолғы отырыста қаралатын құжаттарға қатысты ұсыныстар мен әр елдің ұсынған үлгі-нұсқасын біз осыдан 3 ай бұрын таратқанбыз»,- деді ол.
Отырыс екі бөлім бойынша өтпек : шілденің 7 мен 9 аралығындағы бірінші бөлімде арнаулы жұмыс тобы Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогы жобасын талқыласа, 9-12- шілде аралығында өтетін екінші секцияда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің процедураларының тәртібі мен Хатшылық ережесінің жобасы жасалады.
Ал 2004-жылдың бірінші тоқсанына белгіленген Ұйымның аға лауазым иелері Комитетінің кезекті отырысында бұған дейін атқарылған жұмыстарға жалпы шолу жасалмақшы.

Соңғы жаңалықтар