Алматыда балабақшада бір топ балалар өзге баланы ұрып-соққан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда балабақшада бір топ балалар өзге баланы ұрып-соққан

Алматыда балабақшада бір топ балалар өзге баланы ұрып-соққан

Әлеуметтік желіде балалардың өзге баланы ұрып жатқан видеосы тараған болатын. Оқиға Алматыдағы Әуезов ауданының №58 балабақшасында болған. Әкімдіктегілер оқиғаның мән-жайын айтып берді.

  • 29 Желтоқсан 2021
  • 583
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктегілердің айтуынша, 2021 жылдың 24 желтоқсанында №58 балабақшада балалар 2017 жылы туған өзге баланы соққыға жыққан. Қызметтік тексеріс жүргізілген. 

"Оқиғадан кейін топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметтерінен босатылды. Әуезов ауданы білімі бөлімінің және мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру бөлімінің басшысына бақылау жасамағаны үшін тәртіптік жаза тағайындалды", — деді Алматы қаласы білім басқармасында. 

Зардап шеккен балаға ата-анасының рұқсатымен психологиялық қолдау көрсетілуде. Жағдайы қанағаттанарлық.


 

Соңғы жаңалықтар