Оған Польша, Грекия, Израиль, Индонезия, Испания, Финляндия сияқты əлемнің 18 елінен 90-ға жуық компания қатысты.
Көрменің ресми ашыуында ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлнар Кашкенова министр Аслан Сəрінжіповтың құттықтауын жеткізді.
«Балалық шақ — ойыншықтар мен ойынға толы ғажайып əлем. Балалардың балалық шағы туралы қандай естелік қалатыны үлкендер — біздерге байланысты. Халықаралық көрме балаларға арналған тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға септігін тигізеді деген сенімдемін»,- деді Г.Кашкенова.