Алматыда балаларын балконнан лақтырған келіншектің шизофрениямен ауыратыны анықталды
Алматыда балаларын 5-ші қабаттан лақтырып жіберген келіншек психиатриялық ауруханаға жіберілді. Жадыра Көкенайдың шизофрениямен ауыратынын ақыры сараптама дәлелдепті. |
Сондықтан енді оны кәдімгі абақтыда ұстауға болмайды. Ал сот жаза белгілеу кезінде бұл әйелдің денсаулық жағдайын ескеруі тиіс. Жадыра Көкенай қыркүйектің басында 5-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі баласын лақтырып жіберген болатын. Артынан өзі де секіріп кеткен. Көршілер мен төмендегі саудагерлер қос қыздың ащы дауысын ғана естіп үлгеріпті. Биіктен құлаған 8 жасар Айша сол арада тіл тартпай кетсе, бір жарым жасар Әдия мен әйелдің өзі аман қалды. Кішкентай қыз қазір әкесіне тапсырылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін