Алматыда банк клиеттеріне шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда банк клиеттеріне шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды

Алматыда банк клиеттеріне шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды

Алматыда банк клиеттеріне шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды, деп  хабарлады Алматы арнасы. 31 қазанда Тимирязев көшесінің бойын

  • 14 Қараша 2016
  • 676
Фото - Caravan.kz

Алматыда банк клиеттеріне шабуыл жасаған бұзақылар ұсталды, деп  хабарлады Алматы арнасы. 31 қазанда Тимирязев көшесінің бойында орналасқан банктің алдында адам тонауға оқталған 2 азамат оқиға орынан қашып кеткен болатын. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. Еске салайық, осыған дейін Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Қазіргі таңда қылмыскерлер құрықталды. Ұсталғандар — жергілікті тұрғындар. 1981 және 1987 жылғы ер адамдар. Ал, сотқа дейінгі тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр.

«Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 192-ші бабының 2-ші тармағы бойынша, қылмыстық іс тергелу үстінде. Сезікті болып екі адам ұсталды. Оның бірі сол жәбірленушілермен тығыз жұмыс істейтін әріптесі болып шықты. Яғни жәбірленушілердің дәл сол күні, дәл сол банктен қомақты сумманы алып шығатын мәлім болғаннан кейін осы қылмысқа барған еді», — деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Соңғы жаңалықтар