Алматыда Бақытжан Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Бақытжан  Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті

Алматыда Бақытжан Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті

 

  • 2 Ақпан 2018
  • 293
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы primeminister.kz-сілтеме жасап.

Өткізілген кездесулер барысында тараптар цифрлық технологияларды енгізу және ортақ жобаларды іске асыру саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, 2017 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 5,4 млн долларды құрады. Қазақстанның Арменияға экспорттайтын негізгі өнімдері – аккумуляторлар, көтергіштер мен домкраттар, моторлы көлік құралдарының бөлшектері, мұнай газдары мен көмірсутектер, сорғылар. Бүгін Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 268 кәсіпорын қызметтерін табысты іске асырып келеді.

2017 жылғы маусымда «Ереван – Астана» рейсінің ашылуы бизнес ортада және туризм саласында өзара іс-қимылды дамытуға септігін тигізіп келеді.


 

Соңғы жаңалықтар