Алматыда Барахолка тағы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Барахолка тағы өртенді

Алматыда Барахолка тағы өртенді

Алматыдағы «Барахолка» бүгін тағы өртенді. Бұл жолы 100 шаршы метрдей аумақ отқа оранған. Сөйтіп, саудагерлер тағы да шығынға батты. Қазір өрт себебі анықталып жатыр. Осы қалада қызыл жалын басқа да жерлерді шарпыды. Түнде көлік жөндейтін ірі орталық түгі қалмай өртеніп кетті. Сосын тағы бір жерде машина отқа оранып, мамандарды әбігерге салды.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 493
Фото - Caravan.kz

Қара суды қараңғыда оңды-солды шашқан адамдар абдырап қалды алдымен, өйткені қаннен-қаперсіз тұрған, аумағы ат шаптырым ғимарат бұрын оттың ортасында қалмаған-ды. Алматыдағы көлік жөндейтін ең ірі орталықтың бірі боп саналатын бұл жерде темір тұлпарлар, жанғыш заттар тау-тау боп үйіліп жатқан. Үйлері тығыз орналасқан аудандағы жұрттың есі шыққаны да содан. Өрт сөндірушілер жалынды жалпылап жүріп ауыздықтағанымен, алып ғимараттың сау-тамтығы қалмады.

Ал мына автокөлік қаннен-қаперсіз жүйткіп келе жатып, қаланың қақ ортасына жеткенде өртене бастаған. Жан даусы шыққан жүргізуші жалын шарпыған жейдесін тастай сала қашқан. Ал өртенген көлік қиылыстағы өзге темір тұлпарларды соғыпты. Әзірге апаттың себебі беймәлім.

Алматылық жұрттың жанын алған өрттердің ең ірілерін кезегімен айтқанымызбен, сорақысы мынау. Таң алакеуімде атышулы Барахолка тағы тұтанды. Алатау базарының киім-кешек саудаланатын бөлімін жалын шарпыған. Ала таңда адам жоқта базардың ғайыптан қалай тұтанғанын ешкім тап басып айта алмады, белгілісі 100 шаршы метрдей аумақ күлге айналған. Қыруар қаражатқа алынған тауардың күлі көкке ұшты осылай.

-Алматының бейресми брендіне айналған Барахолка базар емес, сіріңке іспетті қазір. Күздігүн таңда өртеніп жанды алса, қақаған қыста да базарды жалын шарпып өрт сөндірушілер шаршап-шалдығып жүріп ауыздықтаған еді тілсіз жауды. Бұл бір жылдың ішінде аты мәшһүр барахолканың 6 рет қарқыны қатты отта қалуы. Бұрын саудагерлер бұл сауда орталығын тезірек жабу үшін жасалып жатқан қастандық деп арызданған еді,  бүгін де сол. Ал ресми орындар өрт себебін үнемі электр сымдарының тұйықталуына тірейді. Сымдары тұйықталып біпейтін бұл базар толық сүріліп тасталған соң, оның орнына 10 жолақты тас жол түспек.