Бұл – бүгін сүйікті бассейндерінің жабылуына қарсылықтарын білдіре шыққан алматылық жас спортшылар. Егер жабылса, көбінің басқа барар жерлері жоқ. Сөйтіп, «Н2О» клубынан 400 бала қуылып отыр. Көбі арнайы жеңілдікке ие әлеуметтік ахуалы төмен отбасының балалары. Ал негізі абаненттік төлем айына 10 мың теңгені құрап келген. Бірақ өткен айда басшылық ауысып, бәрі өзгерген. Енді жеңілдікпен бірде бір бала жүзу алаңына кірмейді.
— Бұл ауданда спорт сарайлары аз. Бұл бассейнді де көп көріп отыр ма? Қайтеді оны балардан тартып алып?
Осылай деген наразы топ, үлкені мен кішісі бар жаңа әкімшіліктің алдына бір-ақ барды. Алайда, Республикалық мүгедек-ардагерлер госпиталі директорының жауабы көптің күткеніндей болмады. Яғни, бассейн бәрібір жабылмақшы екен.
Есентай Тәжиев, Республикалық мүгедек-ардагерлер госпиталінің директоры:
-Алматы санитарлық қызметінің жазып берген ережесі бар. Соған сәйкес, бассейнді қауіпті болғандықтан, жабуды ұйғардық. Күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Содан кейін қайта балаларға жеңілдік беру жағын шешеміз.
Алайда ресми құжаттарға қарағанда, бассейн толығымен коммерициялық қолданысқа өтпек екен. Арнайы жеңілдіктен балалардың шектелуіне сол себеп көрінеді. Мұны бассейнді жалға алып келген клуб өкілдері де айтып отыр.
Наталья Дильман, «H2O»клубының өкілі:
-Госпитальмен келім-шарт 2015-ші жылдың қаңтарына дейін жасалған. Қазір екі жақты келісім қайта қаралып жатыр. Бассейн енді тек ақылы болуы мүмкін.



