Алматыда Батырхан Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Батырхан Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады

Алматыда Батырхан Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады

Алматыда таяуда Батырхан Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында “Батырхан Шүкенов атындағы қор” қоғамдық қорының директоры әрі Батырханның досы Олжас Байқанов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

  • 3 Тамыз 2016
  • 472
Фото - Caravan.kz

“Құрметті достар, Батырхан Шүкенов атындағы қорымыз белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. “Самұрұқ-Қазына” қорының қолдауымен 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Алматы қаласында Батырханға арналған фотокөрме өтеді. Көрменің қызықты болатынына сенімдіміз. Дизайн жұмыстарымен танымал және креативті суретші, Батырханның досы Нұрлан Төреханов айналысып жатыр.

Негізінен Қазақстанның үздік суретшісі Николай Постниковтың жұмыстары қойылады. Арасында “Джулия” фильмінің түсірілімі кезіндегі суреттер де болады. Көрмеге кіргізілу тегін. Сол себепті барлықтарыңыз келеді деген үміттеміз, – дейді Олжас Байқанов.

Мұнымен қатар, фотокөрме туралы жуырда ресми ақпарат тарататынын айтып өтті. Батырдың тыңдарманы Сергей Васильченконың көмегімен Батырхан Шүкеновтың жаңа альбомын әзірлеп жатыр екен.


“Жаңа альбомның жұмысын толықтай бітіруге қол ұшын созатын меценаттардың табылатынына үміттеніп отырмыз. Алдағы уақытта жаңа екі альбом шығару ойда бар. Бізді www.batyr.live сайты арқылы қолдай аласыздар. Осы аптада бұл жүйе Батырхан Шүкеновке арналған Facebook және VK әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға енгізіледі. Сіздердің арқаларыңызда Батырдың рухы үшін көптеген игі істер атқарамыз деген ізгі ниетіміз бар”, – деп жазады ол. 

Соңғы жаңалықтар