Алматыда белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановты еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановты еске алды

Алматыда белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановты еске алды

Бүгін Алматыда саяси қуған-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Оның тағдырына түрлі мемлекеттер алаңдады» атты «дөңгелек үстел» өтті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 806
Фото - Caravan.kz

Онда көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен еңбек жолы, еңбектері туралы кеңінен әңгіме болды.

«Қ.Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қорының директоры Динара Мұхамедханның айтуынша, бүгінгі шара тек Қайым Мұхамедхановты ғана емес, репрессия құрбандарын да еске алуға арналды.

«Репрессия жылдарында ұлттың қаймақтары мен зиялылары құрбандық болды. Біз сол құрбандар ісін жалғастырып, олар армандаған демократиялық қоғамды жоғары құндылықтар негізінде дамытуымыз керек. Репрессия — біздің тарихымыздың қасіретті бөлігі. Сондықтан оны ұмытпауымыз керек»,- деді ол.

Қ.Мұхамедханов (1916-2004) — ғалым, Абайтанудың негізін салушы, ҚСРО Жазушылар одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін салушы, 1945 жылғы ҚазССР-дің алғашқы әнұраны мәтінің авторы, Халықаралық Абай академиясының алтын медалінің иегері, қоғам қайраткері, ақын, драматург, аудармашы, ағартушы.

Соңғы жаңалықтар