Алматыда белгісіз бір қылмыскер кәсіпкердің 230 мың теңге және 37 мыңнан астам долларын тонап кетті
16-қыркүйекте Алматыда Гоголь және Фурманов көшелерінің қиылысында тұрған Н. есімді кәсіпкердің "Мицубиси Паджеро" автокөлігінен белгісіз бір қылмыскер 230 мың теңге және 37 916 долларды тонап кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ-ның қызметкері хабарлады. Қазір полицейлер тонаушының аты-жөнін анықтауға талпыныстар жасап жатыр. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін