Алматыда белгісіз ер адам екі бірдей шіркеуді таспен атып қиратты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда белгісіз ер адам екі бірдей шіркеуді таспен атып қиратты

Алматыда белгісіз ер адам екі бірдей шіркеуді таспен атып қиратты

Алматы аумағында жас жігіт екі православ шіркеуін таспен атқылады.

  • 11 Шiлде 2017
  • 346
Фото - Caravan.kz

Полиция хабарлағандай, түнгі сағат бірден кете белгісіз бір жас жігіт 28 панфиловшылар паркінде орналасқан Свято-Вознесенский кафедралды соборының терезесін таспен атып, қиратқан, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жарты сағаттан соң ер адам Алатау ауылындағы Петр және Павел киелі апостолдар ғибадатханасына жетіп, терезесін сындырған.

Жедел қызметкерлер бейнекамера арқылы күдіктіні ұстап алды. Ол 1984 жылы туған Иванов Л. есімді азамат екен. Көлігінен жұмыр тастар табылған.


Полицияның берген мәліметінше, ер адам айыбын мойындамай отырған жоқ, дін қызметшілерімен кикілжіңге келіп, осылайша өш алмақ болған.

Соңғы жаңалықтар