Жарияланды: 600

Алматыда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің кеңесі өтеді

Алматыда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің екінші кеңесі мен әлеуметті хабардар ету мәселесі бойынша семинар өтеді . Бұл шаралар БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) мен Ғаламдық экологиялық қордың (ГЭФ) Қазақстанға арнап биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық құжат жобасын жасау жөніндегі жобалары аясында 27-маусымда өтеді деп жоспарланған.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне экологиялық жаңалықтар жөніндегі "Greenwomen" агенттігінен мәлім болды. Аталмыш жоба ҚР қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлігі мен ҚР экономика министрлігі және ЮНЕП/ГЭФ тарапынан қолдау тапты. Семинар мақсаты - қазақстан жұртшылығын 2003-жылдың қаңтарынан бері жүзеге асырыла бастаған жобамен таныстыру. Семинарға парламентшілер, әртүрлі министрліктер мен мекемелер , ғылыми-зерттеу институттары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық құжат жобасын жасау жобасының жалпы құны 247,7 мың долларды құрайды. Оның 162,7 мыңы ЮНЕП/ГЭФ тарапынан бөлінсе, қалған бөлігін ҚР үкіметі шығарып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін