Жарияланды: 310

Алматыда бір фирманың кеңсесінен сейф ұрланды

Алматының Түрксіб ауданында жергілікті фирманың кеңсесінен ішінде ірі көлемде ақшасы бар сейф ұрланды, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.

Олардың ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Кореяда шығарылған жылыту жабдықтарын сатумен, монтаждаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын компанияның кеңсесіне ұрылар өткен сенбіде түскен. Дереккөздердің айтуынша, ұрылар үйдің төбесін жарып, ішіне еніп, ақшасы бар сейфті алып кеткен. Дереккөздер шығын сомасын нақтылаған жоқ, бірақ ірі көлемде ақша ұрланғанын айтты. Полиция ұрыларды әлі анықтаған жоқ, деп хабарлайды құқық қорғау органдарының өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін