Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 5 042 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

  • 22 Маусым 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 21 маусым күні 5 042 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 маусым аралығында қалада барлығы 380 382 адамға екпе салынды.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», — деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 69 168 дозасы және екінші компоненттің 101 736 дозасы бар», — деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар