Жарияланды: 330

Алматыда бір жүргізуші автобус аялдамасында тұрған 7 адамды көлігімен қағып өтіп, өзі оқиға орнынан қашып құтылуға әрекет жасады

Алматыда "Мерседес" автокөлігінің жүргізуші автобус аялдамасында тұрған 7 адамды көлігімен қағып өтіп, өзі оқиға орнынан қашып құтылуға әрекет жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

Полиция ақпаратына сәйкес, жол-көлік оқиғасы 24-қыркүйекте таңертең болған. Әл-Фараби даңғылымен келе жатқан "Мерседес" автокөлігі "Қазақфильм" ықшамауданына қарай бұрыла бере автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып өтіп өзі жарық бағанына соғылған. Апаттан кейін ол автокөлігін тастап оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері жүзеге асырған шаралар нәтижесінде жүргізуші кешікпей қолға түсті. Бастапқыда автокөлігім тоналды деп өтірік айтуға талпынған әлгі адам соңынан болған оқиғаны мойындаған. Аталмыш дерек бойынша қазір тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін