Алматыда бизнесменді ұрлап, 1 млн доллар бопсаламақ болғандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бизнесменді ұрлап, 1 млн доллар бопсаламақ болғандар ұсталды

Алматыда бизнесменді ұрлап, 1 млн доллар бопсаламақ болғандар ұсталды

Алматы полицейлері бизнесменді ұрлап, оның отбасынан 1 млн доллар бопсаламақ болғандарды ізін суытпай ұстады.

  • 24 Тамыз 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Әкімшілік полицияның арнайы батальонының экипажы бір бағыттағы Желтоқсан көшесінен жол ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытта кетіп бара жатқан «Тойота Камри» көлігін тоқтатқан. 
«Біздің «тоқта» деген бұйрығымызды қаперіне де ілмеген жүргізуші Пушкин көшесінің бойындағы үйлердің ауласына қашып тығылған. Көліктегі екі жолаушы қашып кетті. Жүргізуші көрсеткен қарсылығына қарамастан, сол жерде ұсталды», — деді ІІД арнайы батальон полкінің инспекторы Елдос Әбдірахымов. 
Көлік салонын тексере келе, полицейлер көкала қойдай болып сабалған ер адамды алып шыққан. Кейін белгілі болғандай, ол кісі бизнесмен екен. Оны жаңағы үш адам ұрлап кетіп, отбасынан 1 млн доллар талап етпек болған. 
Медицина қызметкерлері жапа шегушіге дер кезінде көмек көрсетті. 
Қазір қылмыс жасаған тұлғалардың кім екендігі анықталды. Қашып кеткен екі күдіктіге іздеу жарияланды. Көліктен сондай-ақ бетперде, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері, травматикалық тапанша табылды. 
45 жастағы көлік жүргізушісінің бұрын да бірнеше рет алаяқтық, ақша бопсалау, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Енді ол адам ұрлағаны әрі билік өкіліне қол көтергені үшін заң алдында жауап беретін болады.
2345
6  

Соңғы жаңалықтар