Алматыда борышкер банктен алған несиелерін сызып тастауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда борышкер банктен алған несиелерін сызып тастауды талап етті

Алматыда борышкер банктен алған несиелерін сызып тастауды талап етті

Бүгін Алматыда борышкерлер тағы да бас көтерді. Наразылық акциясына шыққандар банктен алған несиелерін төлей алмайтынын айтып шағымданды. 

  • 12 Тамыз 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz

Мұнда 2006-2008 жылдары ипотекалық несиемен баспана алғандар жиналған. Енді банк несиені уақытында төлей алмағандарды жалғыз баспанасынан сүйреп шығарып жатыр дейді олар. Оған қоса қоғамдық ұйым мүшелері де жеті жылдан бері осы мәселенің түйінін шеше алмай келеді. Қаржылық дағдарыс салдарынан несиені өтей алмай жүрген борышкерлер банктерден жеңілдік қарастырылса дейді. Талаптары орындалмаған жағдайда ақырғы шараларға барамыз дейді. Айта кетсек, бұл борышкерлердің бірінші баскөтеруі емес. Бұған дейін де олар талай мәрте Астана және Алматы қалаларында наразылық шарасын ұйымдастырып, аштық жариялаған болатын.


Сұлубике Жақсылықова, «Халықты баспанамен қамтыңдар» ұйымының төрайымы:

-Біздің проблемамыз өкімет тарапынан шешілген мәселе. Біздің ендігі талабымыз дөңгелек үстел шақырып, мәселені түп-түгел шешсін. Талап етіп отырғанымыз сол.Біз акциямызды тоқтатпаймыз.