Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынады

Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынады

Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясы барысында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд теңгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты.

  • 19 Шiлде 2018
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысындаүнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге,жаңа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге жұмсалатын шығын көздері анықталды.

Мысалы, қаланың бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар