Алматыда цифрландыру аясындағы республикалық жоба шеңберінде семинар өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда цифрландыру аясындағы республикалық жоба шеңберінде семинар өтіп жатыр

Алматыда цифрландыру аясындағы республикалық жоба шеңберінде семинар өтіп жатыр

26-27 қыркүйек күндері МОST бизнес-инкубаторында «QDigitalInform» семинары барысында сарапшылар алматылықтарға блокчейн технологиясы мен қазақ тілді аудитория үшін электронды құжат айналымы жүйесін талқылап берді.

  • 28 Қыркүйек 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Семинар қазақ тілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Аталмыш семинарлар еліміздің 7 өңірінде 2018 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді. Шараны Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры ұйымдастырып жатыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы экономикалық және қоғамдық-саяси саладағы еліміздің инновациялық даму тұғырнамасы болып табылады. Осыған орай, «365info», «Caravan», «JasQazaq» ақпараттық-талдау ресурстарында жарияланатын мәлімет мақсатты аудиторияға бейімделетін болады. Осы порталдардың басты мақсаты оқырмандарға белгілі тақырыптағы қажетті ақпаратты мемлекеттік тілде табу», — деп ұйымдастырушылар ойымен бөлісіті.


 Семинар қонағы, «Караван» медиа-порталының қазақша нұсқасының бас редакторы Мысекеев Темир осы тақырып бойынша ойымен бөлісті:

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында мемлекет халықтың өмірін жеңілдетуге, мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру және бақылауға мүмкіндік туғызады. Алайда, отандастарымыздың көп бөлігі шара барысындағы айтылған инновациялар мен жаңалықтардың барлығын біле бермейді және барлығын «ескі сәтте» жасайды. Цифрландыруда ақпараттық қолдауды жүзеге асырудағы қазақ тілді БАҚ өкілдерінің жұмысымыздың маңыздылығын кездесу кезінде еске салып өттім, себебі біз үкімет пен халық арасындағы көпір –коммуникацияның өзіндік түрі».

Соңғы жаңалықтар