Алматыда cупермаркет жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда cупермаркет жанып кетті

Алматыда cупермаркет жанып кетті

 

  • 2 Ақпан 2018
  • 300
Фото - Caravan.kz


Алматыда ірі өрт болды. Супермаркет жанып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 2 ақпанда түнгі уақытта Алматы қалалық Өрт сөндіру қызметінің пультіне Түрксіб ауданында орналасқан супермаркетте өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына барғанда бір қабатты дүкеннің шатыры өртеніп жатқанын көрген. "50-ден аса өрт сөндірушінің күшімен және18 арнайы өрт сөндіру техникасының көмегімен шамамен сағат түнгі 1-де өртті ауыздықтау мүмкін болды. Сондай-ақ, алдын ала мәлімет бойынша, өрт болған жерден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді", — делінген хабарламада. Сағат 1.43-те өрт сөндірілді. Нақты мәліметтерге қарағанда, өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды.

Соңғы жаңалықтар