Жарияланды: 380

Алматыда дәрі-дәрмек нарығының жай-күйіне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Алматыда дәрі нарығының жай-күйіне арналған «Фармацевтикалық тәжірибе: ғылым мен білім, өндірістің ықпалдастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Шара Алматы қаласының ауруханааралық бірінші дәріхананың 30 жылдығы мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің 60 жылдығына арналған. «Биыл ҚазҰМУ-дың фармацевтика факультетіне 60 жыл толды. Бүгінгі конференция барысында осы өткен уақытты саралап, дәрі саласының қазіргі жай-күйі мен болашағына көз жүгіртуді мақсат тұттық»,- дейді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің деканы Убайдулла Датхаев. Конференцияға Украина, Өзбекстан, Қазақстаннан 30-ға тарта фармацевт ғалымдар қатысуда. Конференция аясында фармацевтика факультетінің түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі, фармацевтика ардагерлеріне құрмет шарасы, ТМД мен Қазақстанның жетекші мамандарының лекциялары өтіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін