Алматыда дәрігерлерді ұстау ісі: Адвокат анестезиологтың босатылуының мән-жайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәрігерлерді ұстау ісі: Адвокат анестезиологтың босатылуының мән-жайын айтты

Алматыда дәрігерлерді ұстау ісі: Адвокат анестезиологтың босатылуының мән-жайын айтты

Анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың адвокаты уақытша ұстау изоляторынан босатылуының мән-жайын айтты.

  • 26 Қыркүйек 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

Дәрігер Алматы қалалық полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты тергеуге алынған. "25 тамызда 10 шамасында ауданаралық сотта сот отырысы өтті. Асқар Тұңғышбаевтың өзі қатысты. Қамауға алу туралы үкімді кепілмен босату туралы шешім шыққаннан кейін, ол сот залынан босатылды. Көңіл-күйі жақсы деуге болатын шығар. Оны бір қынжылып жүр демеймін. Ол қыркүйектен бері қамауда болды, бірақ ешқашан үмітүзген емес. Қазіргі уақытта ол отбасымен бірге", — дейді Нұрхан Амангелді. 

Оның айтуынша, Тұңғышбаев осыған дейін айтылғандай, экономикалық тергеу департаментінің өтінішімен емес, адвокаттың өтініші бойынша босатылған. "Өткен дүйсенбіден бері, ауызша да, кешенің арғы күні ресми түрде жазбаша да оны кепілақымен босату туралы өтініш бердім", — деді адвокат. 

Айта кетейік, Алматыда Нұрсұлтан Күдебаевтың ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен бостандыққа шықты.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы іске байланысты Нью-Йорктен тапсырма берген еді. Кеше 25 қыркүйекте бас дәрігер Қанат Тезекбаевтың қолхатпен босатылғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар