Алматыда дарынды жас суретші Ләззат Ханымның жеке көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дарынды жас суретші Ләззат Ханымның жеке көрмесі өтеді

Алматыда дарынды жас суретші Ләззат Ханымның жеке көрмесі өтеді

 Aspan Gallery енді қазақстандық жас суретші Ләззат Ханымның шығармашылығын ұсынатындығын қуана хабарлайды. 28 наурыз күні   галереяда оның алғашқы жеке көрмесі ашылды.

  • 31 Наурыз 2023
  • 1749
Фото - Caravan.kz

 Суретші фотосуреттен көркем суретке, әрі материалдық дүниеден цифрлық дүниеге және кері қарай ауысып отыратын бейнелер мен олардың   метаморфозаларын зерттейді. Мұны жеткізу үшін сурет шебері Instagram желісінің тор форматына ұқсас келетін кішкентай төртбұрышты сурет   салуға арналған кенепті қолданады да, бұл жерде ол күнделікті өмірдің ұсақ-түйек бөлшектерін: вайфай роутерлері, сымдар, жиһаз, заттаңбалар   мен тұрмыстық аспаптарды түсіріп отырады. Дегенмен Ләззат Ханым фотосуреттерді дәл көшіріп алуға ұмтылмайды: оның суреттерінде   түсірілген бояулар мен мимесис кемшіліктері көзге көрініп тұрады, сонымен қатар фотографиялылық пен көркемдіктің белгілі бір тепе-теңдігі   сақталған.

«Ләззат Ханымның жұмыс үдерісі келесідей: ол белгілі бір нәрсені суретке түсіреді, кадрды таңдап алады, оны майлы бояумен кенепке түсіреді, содан соң картинаның өзін суретке түсіріп алып, инстаграмға салады. Оның назары жылтыр, тегіс заттарға ауып, әрі көбінесе олардың сюрреалистік үйлесімдері, қарапайым пішіндері және сол заттарда қатып қалған бір бостық тартып тұрады. Ханымның стилі фотосуреттен бөлекшелік пен бейтараптылықты иеленген. Кесілген кездейсоқ кадрлардың эстетикасы және ерекше келген төртбұрышты композиция инстаграм жарияланымдарына сілтеп тұрғандай. Осылайша, толық айтылмағандық қабатымен бүркелген сурет кенептің бетіне түсірілуінің арқасында, өзінің көркемділігі арқасында назарымызды тартып, еліктіріп әкетеді», – дейді мәдениет қайраткері Дана Ысқақова.

Экспозиция екі бөлікке бөлінген: алдымен біз суреткер үйінің интерьеріндегі бөлшектері арқылы жеке кеңістігіне кіргендей боламыз, ал осыдан кейін көпшілікке арналған — үйреншікті әлемнің, көбінесе парадоксалды келетін ортаға түскендей боламыз. Шынайы көлемдегі кескіндер фотореализмінің арқасында сурет салушының өзі қасыңызда тұрғандай иллюзияны қалыптастырады. Ол біздерді көрме бойынша алып жүргендей: біресе мұнда, біресе ана бір жерде оның кескіні мен көлеңкесін байқаймыз. Онымен бірге плитаның өшірілгеніне, құлыптардың жабық екендігіне, әрі әженің өсиеті бойынша пышақтың терезе алдында жатқандығына көз жеткіземіз. Оның көзімен өзімізден кейін қалатын нәрселердің сақталушылығын белгілеп аламыз. Көрменің before i leave атауы суретшінің ұзақ уақытқа созылатын сапарға кетер алдында барлық тұрмыстық аспаптарды өшіріп кету және өшірілген заттарды міндетті түрде телефонға түсіріп алу әдетінен, сондай-ақ суретші әрі адам ретінде өзінен кейін не қалдыратыны туралы ойларға байланысты туындап отыр.


 

«Қоршаған әлем – бұл біздің үйіміз, бұл жерде күнделікті қарбаласта өмірдің өзі ағып жатады. Өзімнің көрмем арқылы баршаңызды медитация жасауға, әрі әрқайсысымыздың өзіміз үшін, қоршаған орта үшін және жалпы өмірге қатысты әрекеттеріміздің маңыздылығы жайында ойлануға шақырамын. Әрбір жұмысым материалдық пен руханилықтық тығыз байланысқан, бір қарағанда қарапайым көрінетін заттар арқылы өзіндік үндеуді жеткізеді», – деп бөліседі суретші.

Суретші туралы

Ләззат Ханым 1994 жылы Қазақстанның Ақтау қаласында дүниеге келген. 2017 жылы Нью-Йорктегі Parsons School of Design тәмамдаған, бүгінде Алматыда өмір сүреді және жұмыс істейді. Гендерлік тұрғыдан бейтарап 5:45 AM эко-брендінің негізін қалаушысы, TEDxAstana спикері болған. Сонымен қатар Artcom Platform қоғамдастығы мен MATA шығармашылық ұжымының мүшесі.

Суреткердің жуырдағы көрмелерінің ішінен Атырау қаласындағы YEMAA қазіргі заманғы мәдениет орталығында өткен «Зұлымдық гүлдері» (2022), Алматыдағы Аюсай визит-орталығында өткізілген «Сақтану түйсігі» (2021), Алматыдағы Tselinny қазіргі заманғы мәдениет орталығында көрсетілген Here There Nowhere (2021) атты экспозицияларын атап өткен жөн.