Алматыда дауыл болады - ТЖД ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дауыл болады - ТЖД ескерту жасады

Алматыда дауыл болады - ТЖД ескерту жасады

Алматыда қатты жел тұрады.

  • 23 Мамыр 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің өкілдері "Қазгидромет" мамандарының 2018 жылдың 22 мамырында жарияланға дауылды ескертуіне байланысты бүгін, 23 мамырда Алматыда найзағай тұратынын айтады. Сондай-ақ, күндіз секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады деп болжанып отыр.

Осыған байланысты Департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарына  ауа райы жайлы және оған қатысты шектеулер туралы мәліметтерді қарап, жеке автокөліктерді құрылыс маңынан және ағаштардан алыс жерге қоюға және құрылыс нысандарына тұрғындарды қорғау мақсатында қосымша шараларды қабылдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болатынын айтады.

Еске сала кетейік, кеше Астанада дауыл болып, қаладағы бірнеше ғимарат бүлінген болатын. Кейінірек Астана әкімдігі қала тұрғындарын 23 мамырда дауылдың тағы қайталанатыны туралы ескертті.


Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

Соңғы жаңалықтар