Алматыда «Дегдар» қоры ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Дегдар» қоры ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті

Алматыда «Дегдар» қоры ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті

Ардагерлер арналған ән! Алматыда «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өткен қайырымдылық концертінде еліміздің опера жұлдыздары соғыс жылдарында шыққан шығармаларды орындады.

  • 1 Мамыр 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

«Дегдар» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Абай атындағы опера және балет театрында өткен ән кешіне мәдениет қайраткерi, пианист Тимур Орманшаев бастаған опера саңлақтары қатысты. Олардың қатарында Азамат Жылтыркөзов, Мейір Бәйнеш, Александр Трегубенко және басқа да әншілер бар. 2011 жылы басталған жоба аясында өнерпаздар бүгінге дейін еліміздің 30 қаласын аралап үлгерген. Ардагерлерімізге тегін концерт өткізуден бөлек, олардың үйлеріне азық-түлік жеткізілуде.

Нұргүл Сүлейменова, жобаны ұйымдастырушы:

-Бұл концерттерге классикалық өнер жұлдыздары қатысты. Сол кісілер барған қалаларында музыкалық колледж студенттеріне мастер-кластар өткізді. Бұл – жобаның тағы бір мақсаты.