Мерекенің басты көркі көлемі 450 шаршы метрді қамтыған алып гүл кілемі болды. Декоративті кілем мыңдаған гүлдер мен 30 түрлі табиғи материалдан жасалған.
«Қала тұрғындарын гүл өсіру мен жасыл желекті күтуге баулитын бұл фестиваль осымен бесінші жыл өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында қаладағы гүл кілемінің көлемі үш есе артып, 200 мың шаршы метрге жетті. 16 саябақ пен скверлер жөнделді. Биыл тағы үш саябақ жөндеуден өтеді»,- деді қала əкімінің орынбасары Зəуреш Аманжолова.
Оның айтуынша, биыл Алматыда тұңғыш рет вертикалды көріктендіру технологиясы қолданылды. Қаладағы вертикалды өскен гүлдердің биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ дəстүрлі көгалдандыру технологиясынан эксклюзивті композицияларға көшуде.
«Алматы қаласының бұдан былай да əрі əдемі, əрі жасыл желегі жайқалған таза, жайлы қала болып қала беруі үшін əр тұрғын өз үлесін қосуы керек»,- деді З.Аманжолова.
Биылғы жəрмеңкеге 100-ден астам компания қатысты. Көрмеге қойылған гүлдердің сан түрлілігінен көз тұнады.
Қала əкімінің орынбасары ең үздік флористі марапаттады. Айта кетейік, байқауда 30 үміткер бақ сынаған болатын.
Биылғы байқауда жеңісті Əуезов ауданының тұрғыны Екатерина Козлова иеленді. Сондай-ақ балалар арасындағы байқаудың да жеңімпаздары анықталды.
Кешке дейін жалғасқан мəдени шараға 180 мыңнан астам адам қатысты.
