Велосипедтер қаланың қақ ортасында қаздай тізіліп тұр. Қасында қас қақпай қарап тұрған күзеті болмаса да, қозғалыс құралы кілттеп қойылған екен. Яғни, мінбес бұрын арнайы карточкамен кілтін ашып алу керек. Ақысы бір күнге небәрі 150 теңге. Артық салмағы бар кісіні де көтере береді. Тек 14 жасқа толмаған балаларға құлпы ашылмайды екен. Айтпақшы, көлікті бір тәуліктен соң тұрағына қайтару қажет. Олай болмаған жағдайда дабыл қаққышы ойнап, дегбіріңізді алады. Дөңгелегі де өз-өзімен істеп шығып, GPS құрылғысы велосипедті іздей бастайды.
Сұлтанбек Сыздықов, жоба жетекшісі:
-Қазір көлік қалада өте көп. Соны азайту үшін, пробкаға уақыт кетеді, үлгермейміз, сол үшін велосипедке мініп тез жетіп аласың керек жерге.