Ким Хак Су арнаулы органның бірінші кезекте осы өңірдегі теңізге шығар жолы жоқ, ең төменгі деңгейде дамыған елдердің проблемаларымен айналысуға тиіс үкіметаралық орган екенін еске салды. «Бұл орган осы елдердің айрықша мұқтаждықтарына назар аудару және комиссияға мүше басқа елдерді оларға көмекке жұмылдыруда тұғырнама ролін атқарады»,- деді ол.
«Биыл теңізге шығар жолы жоқ, ең төменгі деңгейде дамыған және дамушы елдер жөніндегі арнаулы орган комиссияға мүше елдер үшін айрықша маңызды әрі уақытын тапқан екі мәселені талқылайды. Біріншісі — мүше елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығы; екіншісі — халықаралық көші-қон және теңізге шығар жолы жоқ, ең төменгі деңгейде дамыған елдердегі даму мәселелері»,- деді Ким Хак Су.
«Бұл мәселелерді талқылау ахуалды мейлінше тереңінен түсінуге және теңізге шығар жолы жоқ елдерге арнап нұсқаулар жобасын жасауға септігін тигізеді деп сенемін»,- деді ол.
Еске сала кетейік, теңізге шығар жолы жоқ, ең төменгі деңгейде дамыған және дамушы елдер жөніндегі арнаулы органның 8-ші сессиясы БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы шеңберінде өткізіліп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті