Алматыда эстрада жұлдыздарымен таңғы ас өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда эстрада жұлдыздарымен таңғы ас өтті

Алматыда эстрада жұлдыздарымен таңғы ас өтті

Елімізде екі жүзден аса танымал әнші мен актер бар. 

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 200
Фото - Caravan.kz

Алматыда «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық жүлдесінің ұйымдастырушысы, продюсер Жан Мұқановтың бастамасымен БАҚ өкілдері мен жұлдыздарға арнап еркін форматта баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Айта кетейік, 2017 жылғы «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық жүлдесіне 147 әнші ниет білдірген. Кеште 70-ке жуық әнші өнер көрсетеді деп күтілуде. Олардың арасында жастардың сүйіктісіне айналған «91» тобы бар.

«Жыл таңдауы» номинациясы бойынша жиырма марапат табысталады. Оның ішінде топ жарған 18 әнші арнайы марапатқа ие болады. Екі үздік айтыскер Қазақстан Республикасының музыкалық өнерінің дамуына үлес қосқаны үшін «Жыл таңдауы» номинациясын иемденеді.

— Жалпы қарап отырсам, біздің елімізде әншілердің еңбегін елеп, арнайы жүлдемен марапаттайтын шаралар жоқтың қасы екен. Сол себептен мұндай байқауларды көптеп ұйымдастыру қажет. Бұл фестивальдің ерекшелігі сол, жұлдыздар жанды дауыста ән салады. Тек хит әндер ұсынылады. Осы жылы «Хабар» телеарнасы түсіреді. Сондай-ақ, Түркия, Армения, Ресей елдерінің актерлері мен жұлдыздары қонақта болады. Кешті әйгілі түрік актері Юсуф Чим мен Ерке Есмахан жүргізеді. Баршаңызды 7 желтоқсан күні «Алматы аренада» өтетін кеште күтеміз, — деді жоба авторы Жан Мұқанов.

Айта кетейік, еркін форматтағы баспасөз-конференциясында жұлдыздар мен продюсерлер бой көрсетті. Олардың қатарында танымал продюсер Бағым Мұхитденова, Ерик Тастамбеков, Алтынбек Рахметов болса, әншілерден Ерке Есмахан, Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Маханов, Нұрболат Абдуллиндер бар.


— Былтыр бұл жобада Төреғали Төреәлімен бірге салған «Алло» әні үшін номинация жеңіп алған болатынмын. Биыл тағы бағымды сынап, көпшілікке танылған «Қайда» әнімен қатысып отырмын. Бұл жерде тек жылдың әні марапатталатын болады. Жүлделі болатыныма сенімдімін. Оған, сіздерде де күмән жоқ деп ойлаймын. Себебі, «Қайда» әні көрермендер мен тыңдармандар арасында көп қаралып, өз бағасын алған. Халықта шын ықыласпен қабылдады. Сондықтан жүлдеге әбден лайық көремін. Жалпы, жоба жұлдыздарға шабыт береді. Осындай жобалар көптеп ұйымдастырылса дген тілек бар, — дейді әнші Ерке Есмахан.

Жалпы, елімізде екі жүзден аса танымал әнші мен актер бар екен. Аталмыш жобаға 2016 жылдың қазан айы мен 2017 жылдың қараша айы аралығындағы жыл әндері таңдалған. Бұл жүлдеге аға буындардың да қатысу мүмкіндігі болған. Алайда өнердегі аға-әпкелеріміз жастарға жол берген көрінеді. Ресей эстрадаларының еңбек жолын тілге тиек еткен продюсер, әрі жоба авторы Қазақ эстрадасында мұндай "қазақшылық" болмау керек дейді.

Соңғы жаңалықтар