Алматыда екі автобус пен Toyota соқтығысты: 9 адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі автобус пен Toyota соқтығысты: 9 адам ауруханаға түсті

Алматыда екі автобус пен Toyota соқтығысты: 9 адам ауруханаға түсті

Автобустардың бірінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен

  • 28 Ақпан 2018
  • 145
Фото - Caravan.kz

Алматының "Ақбұлақ" шағын ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, №25 автобус солтүстік бағытта Шәріпова көшесімен келе жатқан, жолдың тайғақтығынан болса керек, бұрылысқа келгенде жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, №102 автобусымен соқтығысқан.  

Біраз уақыттан кейін солтүстік бағытта Шәріпова көшесімен келе жатқан Toyota Camry №25 автобусының артқы бөлігінен соққан. 

№25 автобусының жүргізушісі салонға қысылып қалған, оны ТЖ департаментінің қызметкерлері шығарып алды.    

Соңғы мәлімет бойынша, жол апатынан тоғыз адам жараланып, ауруханаға жетізілген.  


Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.