Алматыда екі көлік жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі көлік жанып кетті

Алматыда екі көлік жанып кетті

 Алматыда екі автомобиль өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

  • 6 Тамыз 2016
  • 426
Фото - Caravan.kz

«6 тамызда сағат 10:16-да Алматы қалалық ТЖД-нің «101» номеріне куәгер хабарласып, Жетісу ауданы Беспақов көшесі, 25, 27 мекен жайдағы жеке үйдің гаражы отқа оранғанын жеткізді», — деді С. Баймұхамбетова. 
Оқиға орнына сағат 10:26-да жеткен өрт сөндірушілер ақпаратты растады.

«№25 үй гаражында екі көлік өртенді, тілсіз жау №27 үйдің шатырына көшті»,- деп қосты ТЖД өкілі.


160 шаршы метр аумаққа жайылған өрт сөндірілді. 
Жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар