Алматыда екі қыз көлік астына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі қыз көлік астына түсті

Алматыда екі қыз көлік астына түсті

Қыздар жансақтау бөлімінде әл үстінде жатыр

  • 4 Қаңтар 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Алматыда Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстанға.

Екі қыз жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болыпты. Жаяу жүргіншілер өтетін жер он бес метрдей қашықтықта болған.

Олар жолдың жартысын жүгіріп өтіп, қозғалыс жолағының қақ ортасында тұрып қалады. Сол кезде даңғыл бойымен Mitsubishi Pajero көлігі келе жатқан. Жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерге жақындағанда, қыздар да кенет алға ұмтылады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, оларды қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан екі қыз да ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Қазір жансақтау бөлімінде.



 

Соңғы жаңалықтар