Алматыда екі рет жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі рет жер сілкінді

Алматыда екі рет жер сілкінді

24 тамыз күні түнде Алматыға жақын аумақта екі жер сілкінісі тіркелді. 

  • 25 Тамыз 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz


Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Алғашқысы Алматы уақыты бойынша 24 тамыз түнгі сағат 23:15-те (Гринвич бойынша 24 тамыз сағат 17:15) Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5 болса, магнитудасы MPV 4.3, ал тереңдігі 25 шақырымды құраған. Сезілгендігі туралы мәлімет болған жоқ.

Екінші жер сілікінісі 24 тамыз күні түнгі сағат 23.44-те (Гринвич бойынша 24 тамыз сағат 17:44) Алматы қаласынан 276 шақырым жерде Қазақстан аумағында тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3 болса, магнитудасы MPV 4.1, ал тереңдігі 25 шақырымды құраған. Сезілгендігі туралы мәлімет болған жоқ.