Алматыда Елбасының қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Елбасының қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

Алматыда Елбасының қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

АЛМАТЫ. 9-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 15-отырысы басталды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Маусым 2006
  • 320
Фото - Caravan.kz

Отырыс “Қазақстанның ашықтықты арттыру мен сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ілгерілеушіліктері” тақырыбына арналады.

Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер қатысады. Онда салалық министрліктер мен мекемелердің жетекшілері мен ірі шетелдік инвесторлар сөз сөйлейді деп күтілуде.

ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998-жылы құрылған. Консультативтік және нұсқаушы орган болып табылатын кеңестің мақсаты – Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды нығайту, Қазақстанның ғаламдық экономикаға кірігуіне түрткі болу.

ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 14- мәжілісі 2005-жылдың 25-қарашасында Алматыда өтті. Мәжіліс Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесіне арналды.

Соңғы жаңалықтар