Алматыда ерекше "Айдаһар" мозайкасын қиратып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ерекше "Айдаһар" мозайкасын қиратып тастады

Алматыда ерекше "Айдаһар" мозайкасын қиратып тастады

Алматыда танымал "Айдаһар" мозайкасын қиратып тастады.

  • 19 Сәуiр 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Твердохлебовтің Thai мейрамханасының қабырғасында бейнеленген "Айдаһар" мозайкасын бұзып тастады. Мейрамхана ғимараты Достық — Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан.

Қоғамдастық белсенділерінің айтуынша, өнер туындысы 2002 жылдан бері қаланың көркін келтіріп тұрған.

Владимир Твердохлебов — "Зодиак" фонтаны, "Алматы" қонақ үйіндегі панно, Ғылым академиясындағы витраждар және басқа да бірегей жұмыстардың авторы.

Ғимараттың жаңа иелері суретшіге мозайканы сақтауға уәде берген, бірақ сөзінде тұрмады. Оның орнына ағаш егеді екен. Осылайша, олар ауқымды қайта құру жұмыстарын жүргізбек.


Дегенмен қираған панноны қалпына келтіруге болады. Тіпті оған қаражат бөлуге дайын демеуші де табылып тұр.