Алматыда Есентай өзенінен 14 жастағы бала құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Есентай өзенінен 14 жастағы бала құтқарылды

Алматыда Есентай өзенінен 14 жастағы бала құтқарылды

Алматыда Есентай өзенінен 14 жастағы бала құтқарылды.

  • 12 Маусым 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 14 жастағы Роман достарымен бірге Есентай өзенінің жағасында болған.

Бала парапет арқылы қарсы жағаға өтуге тырысқан. Бірақ, өкінішке қарай, сүрініп кетіп, суға құлаған. Осы кезде оқиға орнында арнайы жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев бастаған жаяу отряд тәртіп сақшыларының кезекшілігін атқарып жүрген.

Батып бара жатқан баланы көріп, аға лейтенант Тортай бірден суға секірген. Баланың жағдайы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылған.


Соңғы жаңалықтар