Алматыда есірткі сатушы әйел жарты кило героинмен ұсталды
Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 24 жастағы Алматы тұрғынын 495 грамм героинмен ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады. |
Әйел 7-сәуірде қаланың Жетісу ауданында ұсталды. Полиция ақпаратына сәйкес, ол ҚР Қылмыстық істер Кодексінің заңсыз есірткі саудасы жөніндегі 259-шы бабы бойынша бұдан бұрын да сотталған көрінеді.
Жалпы алғанда өткен тәулікте Алматыда есірткіні заңсыз сақтау және сатуға байланысты 9 дерек анықталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін