Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, басқарма қызметкерлері түн ортасында екі жігітті ұстаған. «Тінту кезінде олардан жалпы құны 100 мың теңге тұратын экстази таблеткаларының бумасын тәртіп сақшылары тауып тәркіледі», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Олардың айтуынша, есірткі сатушы бір таблетка үшін 5 мың теңге сұраған. Жалпы алғанда полиэтилен дорбада 20 таблетка болған.
ІІД-нің нақтылауынша, жігіт бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті