Жарияланды: 390

Алматыда Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің 11-отырысы өтеді

18-маусымда Алматыда Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің 11-отырысы өтеді ,- деп хабарлайды аталмыш Қоғамдастықтың баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, отырыс аясында Интеграциялық комитет мүшелері Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің вице-премьерлері деңгейінде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты дамытудың 2003-2006-жылдарға арналған басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі тараптар ұсынысын талқылайды. Басымдық берілген даму бағыттары "бестік" мемлекет басшыларының биылғы сәуір айында Душанбеде өткен мемлекетаралық кеңесінде қабылданған болатын. Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қамтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть