Алматыда гараж шатыры өртенді
![]() |
Алматыда Райымбек 210 мекенжайында орналасқан гараж шатыры өртенді. Төтенше жағдай туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады. |
Өрт туралы хабарлама 101 пультіне күндізгі 12:00-де түскен.
«Өрт көлемі 80 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге бағытталған 5 арнайы техника мен жеке құрамның 21 қызметкері тілсіз жауды 15 минутта ауыздықтаған. Гараж Алматы вагон жөндеу зауытының «Ырысты» АҚ-на тесілі екен», - деді С.Баймұхамедова.
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін