Алматыда гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры мемлекетке 16 млн теңге зиян келтірді – қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры мемлекетке 16 млн теңге зиян келтірді – қаржы полициясы

Алматыда гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры мемлекетке 16 млн теңге зиян келтірді – қаржы полициясы

Алматы бойынша қаржы полициясы департаменті N1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры Серіккүл Андабеканың үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 1 Тамыз 2014
  • 3096
Фото - Caravan.kz


Іс ҚР Қылмыстық кодекстің 1-бөлім, 307-бабы бойынша (қызметтік бабын теріс пайдалану) қозғалған. Бұл туралы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жедел мағлұматында мәлімделген.

2009 жылғы 28 тамыздан 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін С.Андабекова қызметтік бабын теріс пайдалана отырып, өзіне қызметтік жалақыдан 50%, өз орынбасарлары мен бас бухгалтерге 90% ынталандыру ретінде қосымша ақша төлеу туралы бұйрықтар берген. Соның салдарынан 16 млн теңге зиян келтірілген.