Алматыда Honda инкассатор көлігімен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Honda инкассатор көлігімен соқтығысты

Алматыда Honda инкассатор көлігімен соқтығысты

Алматыда Honda маркалі жеңіл көлік инкассатор көлігімен соқтығысып, 3 адам жапа шекті. Бұл ақпаратты қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтана Әзірбек растады. 

  • 14 Мамыр 2015
  • 370
Фото - Caravan.kz

Апат Желтоқсан Қабанбай көшелерінің бойында түнгі сағат 02.45-те болған. Honda көлігі Қабанбай көшесімен батысқа бағыт алып бара жатып, бағдаршамның қызыл шамынан өтіп кеткен. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан ол қиылыста ВАЗ 2705 көлігін соғады. Қатты соққыдан ВАЗ 2705 төңкеріліп, Honda талға соғылған.

Апат салдарынан 1988 жылғы газель жүргіушісі, жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жараланды. Салтанат Әзірбектің айтуынша, Honda көлігінің артынан қуғын болмаған.


«Бірнеше минут бұрын кезекші патруль жоғары жылдамдықпен келе жатқан Honda көлігін көрген. Бірақ, олар артынан түспеген», — деді С.Әзірбек.