Жарияланды: 340

Алматыда ІІД алдында аспанға оқ атқан бұзақылар қолға түсті

Алматыда ІІД алдында аспанға оқ атқан бұзақылар қолға түсті

Бейсенбіге қараған түні Алматыдағы Ішкі істер департаменті ғимараты алдында травматикалық қарудан аспанға оқ атқан төрт азамат ұсталды.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде Масанчи көшесімен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан «Шевроле» көлігіндегі белгісіз біреулер бірнеше оқ атқан. «ІІД ғимараты маңында кезекте жүрген «Боран» патруль жасағы осы оқиғаың куәгері болыпты. (...) Көлік Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында тоқтатылды. Автокөлік салонында жүргізушіден басқа ішімдік буына масайған тағы үш еркек бар екен. Олардан екі бірдей «МР80-13Т» травматикалық тапаншасы тәркіленді», - делінген хабарламада. Ұсталғандар бұрын сотталмаған және ешқацда жұмыс істемейтін болып шықты. Жұрттың тынышын алған бұзақылар ақталып бағуда. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін