Алматыда интернаттан қашқан бала қандай қысым көргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда интернаттан қашқан бала қандай қысым көргенін айтты

Алматыда интернаттан қашқан бала қандай қысым көргенін айтты

Тәрбиеленушісі қысымға шыдамай, қашып кеткен Алматыдағы зағиптар мен көзі нашар көретін балаларға арналған интернат басшысы ақыры қызметінен босатылды.

  • 25 Желтоқсан 2019
  • 61
Фото - Caravan.kz

Ал араға он күн салып табылған баланың өзі директордың орынбасарлары мен сынып жетекшісін, тәрбиешісін де енді көргісі келмейді. «Өйткені жоғары сынып оқушыларының ұрғанын біле тұра, шара қолданбады», — дейді Дамир Серікұлы. Осының бәріне шыдамай қашып кеткен жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты.

 15 жасар жасөспірім өзіне енді келе бастаған. Ол: «Интернаттан қашуыма онда көрсетілген қысым себеп болды», — дейді. Айтуынша, жоғары сыныптағылар 7 мен 8-дің балаларына қол көтереді екен. Ал директор мен оның орынбасарлары, сынып жетекші мен тәрбиеші жағдайды біле тұра, еш шара қолданбаған көрінеді.

Дамир Серікұлы: — Оларға бәрібір, мені ұрды ма, ұрмады ма… Шақырып алады да, ұрады, дәретханада, жататын бөлмеде. — Нешінші сыныптағылар? 10, 11, 12. Бұрыннан бері солар, мектеп ашылғаннан бері. Дамир сыныптастарымен қоса жиі таяқ жейтін болыпты. Бірақ оның шындықты айтқаны ешкімге жақпай қалған. Сөйтіп тәрбиеші «мені ешкім ұрған жоқ» деп мәжбүрлі түрде қағаз жаздырды дейді. Мұның бәрі ашуына тиген жасөспірім 12-інші желтоқсанда интернаттан шығып кеткен. Ал анасына қоштасу хатын жазып қалдырған. Онда Дамир өзіне ешкімнің сенбейтінін жеткізген. Осыдан кейін ұшты-күйлі жоғалған баланы полиция, еріктілер, интернат қызметкерлері жер-жерден іздеді. Дамир Серікұлы: — Асылып қалайын дедім, біріншіден. Баратын жағым жабық болды, чердак. Құрылыс маңын іздедім, секіріп кетуге, таппай қойдым. Он күн бойы көше кезіп, подьездерде ұйықтаған. Бірақ алдымен туған әпкесіне барып, ақша алған екен. Тек ол бауырын көргені туралы анасына айтпапты. Соңында Дамир үйіне өзі келген. Осы шудан кейін интернат директоры жылы орнымен қоштасты. Н. Островский атындағы зағиптар және көзі нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернат директоры Р. Б. Нұрахметов қызметінен босатылды. Алматы қаласының білім басқармасы Ал баласынан айырылып қала жаздаған ана оны бұл жағдайға душар еткен мұғалімдер мен тәрбиеші де «жұмыстан кетсін» деп талап етіп отыр.

Айгүл Оралбаева, Дамирдің анасы: — Оларда намыс, абырой болса, өзін сыйласа, ең бірінші кететін: Жанна Ауғановна, Айжан Оразхановна жала жапқаны, ұрғаны үшін, завуч мені алдағаны үшін. Дамирдің көзі нашар көргенімен қоймай, психикалық дамуы тежелген. Сондықтан енді ол он күндей ем қабылдайды. Кейін өзі қашқан интернатқа қайта оралмақ. Өйткені қалада көзі нашар көретін балаларға арналған басқа білім ордасы жоқ.


 

Соңғы жаңалықтар